14 Ақпан 15:05

Қазақстан құрамасы алғашқы ондықта

Фото:

Американың Солт-Лейк-Сити қаласында конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, әлем чемпионатының алғашқы күнінде ерлер мен әйелдер 5000 метрге жарысудан сынға түскен. Қазақстан командасы ерлер арасындағы командалық спринттен мұз айдынына шығып, жарыс нәтижесі бойынша отандастарымыз 1:20,39 уақыт көрсеткішімен алтыншы орын иеленді.

Алтын жүлдені Нидерланд спортшылары, «күмісті» қытайлықтар, қола жүлдені Норвегия құрамасы қанжығаларына байлады.

Тегтер: