USD
USD
USD

Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған күдікті ұсталды

Семейде колония аумағына тыйым салынған зат лақтырмақ болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Семей колониясына екі литр алкоголь, ашытқы, үш телефон, құлаққап және қуаттағыш лақтыруға тырысқан. Ер адам оқиға орнында ұсталды. Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекемесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың колония аумағына жіберілуіне жол бермеді.

Жедел және режим бөлімінің қызметкерлері тыйым салынған заттарды негізгі қоршау арқылы өткізбек болған 33 жастағы Семей тұрғынын ұстады, жеке тексеру кезінде полиэтилен пакеттен алкогольдің ерекше иісі бар 0,5 литрлік сұйықтық құйылған төрт пластикалық бөтелке, бір литрлік екі бөтелкедегі ашытқы, үш телефон, екі құлаққап және қуаттағыш табылып, тәркіленді.

Семейлік бұл заттарды оған бұрын таныс емес адамдар лақтыруды сұрағанын мойындады.

– Қазіргі уақытта курьерге қатысты әкімшілік хаттама жасалды, – деп түсіндірді режим бөлімнің тексеру тобының жедел уәкілі Кенжебек Нұрсейітов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж