USD
USD
USD

Ғаламторда ұлттық алауыздық пен сепаратизмді қоздырғаны үшін жыл басынан бері 6 қылмыстық іс қозғалды

Интернет кеңістігі мен коммуникациялық ресурстарда (әлеуметтік желілер, чат-рулетка, мессенджерлер) дамуына байланысты біздің азаматтарымыз онлайн-әңгімелесу барысында (оның ішінде шетелдік пайдаланушылармен) қазақстандық заңнаманың талаптарын бұзған жағдайлар туындайды.

Полиция
Фото: ІІМ

Астана, NEGE. Атап айтқанда, азаматтардың ұлттық, нәсілдік және діни сезімдерін қозғайтын сепаратистік, экстремистік сипаттағы мәлімдемелерге жол беріледі.

Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін ҚР Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық шаралары көзделген.

Мәселен, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін (ҚР ҚК 174-бабы) 2 мыңнан 7 мың АЕК (7 млн. теңгеден 26 млн. теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл не 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген.

Сепаратистік қызмет (ҚР ҚК 180-бабы) 1 мыңнан 5 мың АЕК (3,5 млн.теңгеден 18,5 млн. теңгеге дейін) мөлшерінде айыппұл салуға не 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жылдың басынан бастап Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында 12 бейнеролик анықталды.

6 факті бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Тағы 6 факт бойынша қатысушылармен қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын түсіндірумен профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Осыған байланысты, ІІМ азаматтарды ұлттық және қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғушылардың сөздерін болдырмау бөлігінде ҚР заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Шахтинскідегі өрт

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

ТЖ

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Трамп

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики