17 Сәуір 13:35

Байжанов кінәсін НЕГЕ мойындамады? – Адвокаттың сұхбаты

Күдікті
Фото: ғаламтордан

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша өтіп жатқан сот процесін Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем жұрты қадағалап отыр. 27 наурызда басталған сот отырысы да соңына таяп қалды. 

Бұл істе күдікті Бақытжан Байжановқа ҚК-нің 432-бабы – аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы – белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша айып тағылған болатын.

NEGE тілшісі айыпталушы Б.Байжановтың адвокаты Әлібек СЕКЕРОВТІҢ сот процесіне қатысты пікірін білген еді.

Адвокат
Фото: ғаламтордан

– Әлібек Жайлаубайұлы, сіздің қорғауыңыздағы Байжановқа қатысты сот және алқабилер қандай шешім шығарады деп ойлайсыз?

– Біріншіден, Байжановтың екі бап бойынша қылмыстық әрекеті жоқ, екіншіден, ол өз айғақтарында шындықты айтты. 15 сәуірде өткен сот процесіне қарасақ та, Бишімбаевтың өтірік айтып жатқаны белгілі болды. Оның сөзінше, бәрі кінәлі, бірақ өзі емес. Оның еліміздегі министрліктердің бірін басқарған адам болғаны өкінішті.

Біз тек алқабилерге ғана үміттенеміз, өйткені полиция бөлімі Байжановқа қатысты оның кінәсін дәлелдемей, арнайы тергеу жүргізді.

Дегенмен, Байжановқа максималды түрде қандай жаза тағайындалуы мүмкін? Шартты түрде жаза беруі мүмкін бе?

– Қылмыстық кодекстің 432-бабы – аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және Қылмыстық кодекстің 434-бабы – аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша оған тағылған айып қылмыстық айыппұлдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

ҚК-тің Байжановқа тағылған екі бапта нақты былай жазылған: «Алты мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Айта кету керек, екі бап бойынша шартты да, шектеуді де ала алады.

Әрине, ол адам өлтіруге қатысы болмаса да дер кезінде хабарламағаны үшін бәрібір айыпты емес пе?

– Байжанов кінәлі, бірақ ол тек қателесті. Қылмыстық кодекстің 432 және 434-бабын қарасаңыз көп нәрсе түсінікті болады.

Процесс
Фото: ғаламтордан

Қалай ойлайсыз, Байжанов шындықты айтқан соң Бишімбаев басқаша шабуыл жасауға көшкен сияқты ма?

– Ол бұл жағдайда сот отырысында емес, куәгер болуы керек еді. Бишімбаев өзін ақтап, барлығын кінәлай алатын адам. Байжанов тіпті шындық үшін қызмет етуге дайынмын десе, істеген ісін мойындай алмайды. Бәлкім, Байжановты ақтап алуға болады. Себебі, әрекеттері қасақана жасалған жоқ.

Жалпы, кейбір осы саланың мамандары сот процесінің өтуінде кемшіліктер көп деп жатыр. Тіпті, судьяның да қателігін айтқандар бар. Сіз не дейсіз?

– Заңбұзушылықтар көп деп айта алмаймын. Бұл маңызды емес. Сот процесі сауатты өтіп жатыр.

Сот процесіне соңына жетіп қалды ма?

– Иә, аяқталып келеді. Аз уақытта үкім де шығады.