24 Қараша 09:34

Данияр Елеусінов жекпе-жекке қашан шығады?

Фото:

Белгілі боксшы Данияр Елеусінов намибиялық боксшымен рингке шығады.

Алматы, NEGE. Данияр Елеусінов өзі Instagram парақшасында бірнеше сурет және видео жариялады.

IBF Inter-Continental чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек 28 қараша күні таңертең өтпек. Қазақстанда бұл кездесуді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция астана уақытымен 06:00-де басталады.

Айта кетейік, Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, 5-раундта америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді

Тегтер: