Рыбакина биыл көп ақша тапты

2023 жылы ең көп табыс тапқан спортшы қыздар тізімі жарияланды.
Алматы, NEGE. Sportico басылымы 2023 жылы ең көп табыс тапқан спортшы қыздар тізімін жариялады.
Топ 10-ның қатарына жеті теннисші қыз енген. Оның ішінде еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да бар.
Алғашқы ондық:
Кори Гауфф (АҚШ, 19 жас) – $22,7 млн ($6,7 млн сыйақы).
Ига Швёнтек ( Польша, 22 жас) – $21,9 млн ($9,9 сыйақы).
Эйлин Гу ( Қытай, 20 жас, сноуборд) – $20 млн ($27 тыс. сыйақы)
Эмма Радукану ( Ұлыбритания, 21 жас) – $16,2 ($238 мың сыйақы).
Наоми Осака ( Жапония, 26 жас) – $15 млн (0 сыйақы).
Арина Соболенко ( Беларусь, 25 жас) – $12,2 ($8,2 млн сыйақы).
Елена Рыбакина ( Қазақстан, 24 жас) – $9,5 ($6 млн сыйақы).
Джессика Пегула (АҚШ, 29 жас) – $9 млн ($6 млн сыйақы).
Симона Байлз (АҚШ, 26 жас, спорттық гимнастика) – $8,5 (0 сыйақы).
10. Нелли Корда (АҚШ, 25 жас, гольф) – $7,9 ($1,4 млн сыйақы).