USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлы үшінші белбеуден үмітті екенін мәлімдеді

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне амбициялық жоспарларын жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

бокс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Инстаграм парақшасында ол жанкүйерлерге үндеу жариялап, қысқа да мағыналы жазба қалдырды.

«Үшінші белдікке апарар жолда үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Құдай қаласа, тарих жасалады», – деп жазды қазақстандық боксшы.

Бұл мәлімдеме Жәнібектің WBC чемпионы Карлос Адамеспен мүмкін болатын біріккен жекпе-жегі жайлы әңгімелерді қайта жандандырды. Мұндай кездесу Әлімханұлының абсолют чемпион атану жолындағы маңызды қадам болмақ.

Айта кетейік, 5 сәуірде Астанада өткен кездесуде Жәнібек француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белдіктерін сәтті қорғаған еді. Оның кәсіби бокстағы көрсеткіші – 17 жеңіс (12 нокаут), жеңіліс жоқ.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев