Мұхтар Шерім. Секс сабақ. (Қышқыл сатира)
Көршім көзінің жасын тия алмай былай деді, бүгінгі мектептердегі онлайн сабақтар балшық, лай деді:
– Әй, онлайын сабағыңа дайындал! – дедім бесінші сыныпта оқитын балама.
– Әке, қазір.
– Әй, сабақта трусишең отыра ма екен?
– Әке, кеуде жағым көрінбейді ғой. Ақ көйлек киіп алғанмын.
– Мектепке осылай барушы ма едің?
– Мектеп емес қой, үйдемін.
– Мектепке барғандай отыр.
Балам шалбарын киіп алып, онлайн сабақ оқып отырған. Бір кезде ішек-сілесі қатып күлгені... Тырқылдап күлгенде, тарақанның өзі тоқтай қалып, таң қалғандай болды. Шыдамның да шегі бар оқи алмаса, онлайнға үңіліп, несі бар? Басына шапалақпен сарт еткізіп, құйрығына бір теуіп, ұялы телефонына үңілдім. Қарасам, тырдай, абыройдан жұрдай, жалаңаш қыз көрінгені. Көзімді уқалап жіберіп, қайта қарадым.
– Мұның не? Мен саған онлайн сабағыңды оқы дедім ғой?
– Ой, әке, онлайн сабақ оқып отырмын.
– Өй, мынауың секс сабақ қой?
– Әке, өзінен өзі қосылып кетті, онлайн сабаққа...
Баламды басынан нұқып жіберіп, қолындағы ұялы телефонын жұлып алдым. Балам кетті бұртиып. Содан, секс сабақты өзім оқи бастадым. Алғашқыда жыным келгенімен, өзіне баурап алып барады-ей? Әдемі, сұлу жалаңаштың сұлу мүсініне тамсанып, сілекейім ағып, ыржиып отырғанмын. Біреу басыма салып қалды. Қарасам, кәйіпті бұзған әйелім екен.
– Не көріп, неге төніп отырсың?
– Сабақ оқып... Онлайн.
– Оңбаған, онлайнның саған қандай қатысы бар? – деп сұрады әйелім.
– Енді... Балама түсіндірейін деп...
Ол ұялы телефонымды қолымнан жұлып алды. Ашуланып, бетіме шапалақпен салып қалды, мұны көрген ала мысығым шалқасынан түсіп, талып қалды. Ұрыс-керіс басталмай тұрып, далаға зыттым. Бір кезде, есіктен ақырын сығаласам... Ақырын сығаласам, әйелім секс сабақты бастап кетіпті. Енем де ентелеп есіктен басын қылтитты. Кеше қыдырып келген болатын. Жетіп барып, қызына ұрысты:
– Дап-дардай болып, жалаңаш еркектерді көріп отырғаның не? О, ұятсыз, көргенсіз! Әкел бері! Жоғал!
Енем етпетінен түсе жаздап, қызының қолындағы ұялы телефонды жұлып алды. «Ұятсыздар!» деп, қызын өтірік ұрып алды. Содан әйелім екеуміз шәйден бір-бір ұрттап, есіктен басымызды қылтитып қарасақ... Мәссаған, әжеміз әжептеуір адам екен, сықылықтап күліп отыр, сұмдықтың ұятсыз порно екенін біліп отыр.
Құдайым-ау, онлайн сабаққа сексті сығалатып жіберген кімдер екен? Қандай қағынған кибер хакерлер екен? Осыны білім министрлігіндегілер о бастан қадағалап, қауіпсіздіктің шегесін қақпай ма? Басым бөшке, көңілім солып қалған кәртөшке болды!