USD
USD
USD

Түркістан облысы егіздер мен үшемдер саны бойынша көш бастады

Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

егіздер
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді. Бұл кезеңде төртем болмаған.

Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады – 263 жұп. Одан кейін Алматы қаласы – 245 жұппен, Алматы облысы 175 жұппен тұр.

Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда. Әр өңірде 3 үшем дүниеге келіп, яғни әрқайсында 9 нәресте дүние есігін ашқан.

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті. Туу көрсеткіші Түркістан облысында ең жоғары болды – 1000 тұрғынға шаққанда 19,75. Одан кейін Шымкент қаласы – 19,39 және Маңғыстау облысы 19,28 көрсеткішпен тұр.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық