USD
USD
USD

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

Қытайдың Гуйян қаласында бокстан әлем кубогының екінші кезеңі мәресіне жақындады. Шешуші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальдарын жеңіп алды.

.
Фото: Instagram/nazym_kyzaibay09

Астана, NEGE. 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Назым Қызайбай финалда Италия өкілі Сирин Чараабиден басым түсті. Ал 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Виктория Графеева шешуші жекпе-жекте Олимпиада чемпионы Юй-Тин Линьді жеңді. Ол Тайбэй атынан өнер көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және үш қола медаль бар. Үшінші алтынды 70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылайхан Жүсіпов жеңіп алды. Ол финалда Үндістан өкілі Дипакты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Бұған дейін Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта, Валерия Аксенова 80 келіге дейінгі салмақта, ал Дина Исламбекова 80 келіден жоғары салмақта қола жүлдегер атанған еді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі студент қазасы: анасы ұлына қысым көрсетілгенін айтады

Нұрбақыт Бақыт

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел