USD
USD
USD

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

Ақтөбеде ауа райының күрт бұзылуына байланысты коммуналдық және авариялық қызметтер күшейтілген режимге көшті. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

.
Фото: Threads/sanzhar_salmenov

Астана, NEGE. Ақтөбеде ауа райы күрт бұзылып, қалада қатты дауыл соғып, нөсер жауын жауған. «Қазгидромет» деректері бойынша қалада желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен.

Әкімдік мәліметінше, 2 көпқабатты үй мен 5 жеке тұрғын үйдің шатыры бүлінді.

Қазір Ақтөбе көшелерінде құлаған ағаштарды жинауға 10 мердігер ұйымның жұмысшылары мен арнайы техникасы жұмылдырылған. Олар Астана ауданындағы 9 учаскеде, Алматы ауданындағы 7 учаскеде жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар «Энергосистема» ЖШС де күшейтілген режимге көшті. Жедел штаб құрылып, қаладағы жағдай тұрақты бақылауға алынды.

Қазір Ақтөбе қаласының 5 ауданында, сондай-ақ Қурайлы және Пригородный тұрғын алаптарында электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Электр желісіндегі ақауларды жедел жою үшін қосымша күш жұмылдырылған.

Қазір оқып жатыр

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева

Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

Әуежайдағы тексеру

Астанада Tesla -мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден ұшып кетті

Оқиға орны

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің әрекеті дау тудырды: клуб алты қызға салынған айыппұлды толық төлеп бермек

«Ақтөбе» ФК