USD
USD
USD

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

Ақтөбе облысында автожанармай құю станциясында көліктің өртенуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

.
Фото: aktobe_zello

Астана, NEGE. Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан. Оның ішінде бір әйел және кәмелетке толмаған екі бала бар. Тағы бір ер адам дене күйігімен медициналық мекемеге жеткізілген.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 281-бабы, яғни «Жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Автогаз құю бекетінің иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тергеу Ақтөбе облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысындағы жанармай құю станциясында көлік өртенгені хабарланған еді. Кейін ТЖД оқиға салдарынан үш адамның қаза тапқанын, тағы бір адамның ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева

Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

Әуежайдағы тексеру

Астанада Tesla -мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден ұшып кетті

Оқиға орны

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің әрекеті дау тудырды: клуб алты қызға салынған айыппұлды толық төлеп бермек

«Ақтөбе» ФК