15 Қаңтар 17:15
...

Асқар Мәмин кетті...

Фото:

Премьер-министр Асқар Мәмин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы құжат eGov порталында жарияланды.

Алматы, NEGE. Үкімет қаулысымен премьер-министр Асқар Мәмин «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Мәминмен бірге Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Тимур Сүлейменов те кеңестен шығарылған.

Қордың Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі – бұрынғы Энергетика министрі, Президенттің көмекшісі Қанат Бозымбаев.

Ұлттық қор директорлар кеңесінің құрамы төмендегідей:

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Президенттің көмекшісі;

Ахметжан Смағұлұлы Есімов – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқарма төрағасы;

Ричард Эванс – тәуелсіз директор;

Альпер Акдениз – тәуелсіз директор;

Бендер Вильгельм – тәуелсіз директор.   

Тегтер: