27 Қараша 14:06
...

Екібастұзда ЖЭО штаттық режимде жұмыс істейді

Фото:

Екібастұз ЖЭО-да 10 қазандықтың 6-на күрделі жөндеу және екеуіне кезекті жөндеу жүргізілді. ЖЭО штаттық режимде жұмыс істейді және жылумен жабдықтаудың қажетті параметрлерін береді.

Алматы, NEGE. Қалған екі қазандық бойынша жұмыстар аяқталды, қарашаның соңына дейін іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ЖЭО жөндеуге жалпы 17 млрд теңге, яғни 8,5 млрд-ы бюджеттен және 8,5 млрд-ы "ОАЭК" АҚ қаражаты есебінен бөлінді.

Биыл Екібастұз қаласында ЖАО мен "ОАЭК" АҚ қаражаты есебінен 70 шақырымнан астам жылу желілері жөнделді.

Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталды. Қаланың жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге барлығы 5,1 млрд теңге бөлінді, оның 2,1 млрд теңгесі – облыстық бюджет қаражаты, ал 3 млрд теңгесі "ЭТЭ" ЖШС меншік иелерімен бөлінді.

Барлық әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істейді. Жылыту маусымы басталғаннан бері көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарынан өтініштер келіп түсті. Қазір олардың саны минимумға дейін азайтылды. Әрбір өтініш бойынша сол орынға барып, жағдай пысықталады.

Тегтер: