20 Қаңтар 10:09

Nur Otan-ның кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өтеді

Фото:

 2022 жылдың 28 қаңтарында Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Алматы, NEGE. Отырыс коронавирус пен шектеу шараларына байланысты онлайн режимінде өтеді

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылдың 28 қаңтаынрда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді», – деп жазды ол Twitter-де.

​Бұған дейін Nur Otan кезектен тыс съезге дайындықты бастағаны хабарланған болатын. Nur Otan партиясының XIX съезі 2019 жылдың 23 сәуірінде өтті.

Жаңа отырыста партиясының қазіргі төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты атқаратын қызметінен босатылады деп жоспарланып отыр. Оның орнында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болады.

Елбасы мұндай шешімді 2021 жылдың қарашасында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылдады.

Партия төрағасын сайлау және қызметтен босату партия съезінің айрықша құзыретіне жатады.

Nur Otan – Қазақстанның жетекші саяси партиясы. 1999 жылы негізі қаланған. Партияны ұзақ жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.

Тегтер: