15 Қаңтар 22:28

Медведев Путиннің орынбасары болмақ

Фото:

Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Медведевке жаңа қызмет ұсынды. РИА Новостидің хабарлауынша, Путин оған Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасарлығын қош көріп отыр.

Алматы, NEGE. Дмитрий Анатолийұлымен бірге атқарған жұмысымызға келсек... Дмитрий Анатолийұлы Медведев мемлекет басшысы болды, сегіз жылға жуық үкіметті басқарды, меніңше, бұл – жаңа тарихтағы ең ұзақ мерзім. Айқын президенттік блок бар, бұдан бөлек үкіметтік блок бар. Әрине, бізде бәріне президенттік блок жауапты. Бұл – қауіпсіздік, әскери қорғаныс, тағы басқалары» деді Путин.

Путиннің сөзіне қарағанда, Медведев әскери қорғанысты дамыту, мемлекеттің қауіпсіздігі сияқты мәселеге жауапты болған. «Мен одан дәл осы сала мәселесімен одан әрі де айналысуын сұрадым. Жуық арада қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметін енгіземіз» деді Ресей президенті.

Ресейде Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы – президент В.Путин. Ендеше, Медведев Путиннің орынбасары болады.  

Тегтер: