USD
USD
USD

Минус 1,8%? Ұлттық Банк есебі НЕГЕ экономистерге жақпады?

Экономиканың құлдырауы бойынша алғашқы есептер шыға бастады. Ұлттық Банк оның деңгейін -1,8% пайыз деп отыр. Үкімет әлі үнсіз.

Минус 1,8%? Ұлттық Банк есебі НЕГЕ экономистерге жақпады?
Фото: NEGE.kz

Ұлттық Банк Қазақпаратқа берген мәліметінде 2020 жылдың бірінші жартысында жалпы ішкі өнімнің құлауы 1,8 пайыз болды деп көрсетеді. Ал Ұлттық Банк күткен құлдырау межесі -1,5% еді. Бас банктегілер оны мамыр айының ортасынан бастап қызмет көрсету секторының бір жабылып, бір ашылып, толыққанды жұмыс істей алмағандығымен байланыстырған.

Жалпы ішкі өнімге байланыс пен интернет, денсаулық сақтау, білім беру мен мемлекеттік басқару салалары көмектескен. Құрылыс жұмыстары 11,2 пайызға артып, дағдарыс кезінде ылғи өсетін ауыл шаруашылығы да 2,4 пайызға дамыған. Бірақ Ұлттық Банк экономиканың құлауына басты себепкер – карантин екенін жасырмайды.

«Карантиндік шаралар тұтынушылардың белсенділігінің төмендеуіне әсер етіп, халықтың табысына теріс әсер етті. Негізгі фактор - жұмысшылардың нақты жалақысы өсуінің баяулауы болды. Сонымен қатар, жекелеген өндірістердің жабылуы және тоқтатылуы еңбек нарығындағы ахуалдың нашарлауына әкелді».

«Ұлттық Банк қара аспанды төндіре беретін әдетіне басып отыр», - дейді экономист Айдархан Құсайынов. «Қаңтар мен наурыз айының аралығында экономикалық өсім 2,7 пайыз болған».

«2,7% өсімнен -1,8% құлдырауға жету үшін экономиканың нашарлауы шамамен 5 пайыз болуы керек. 5 пайыздық құлау тек соғыс кезінде орын алады».

Сарапшылар экономиканың карантин жүрген үш ай ішінде соншалықты құлап қалғанына таңданып отыр. Ұлттық Банк оны «негізгі капиталға инвестициялар азаяды, оның ішінде халықтың нақты кірістерінің төмендеуіне байланысты ішкі сұраныс қысқарды» деп түсіндіреді.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жылдық көрсетуде 2,9 пайызға төмендеді. Инвестициялық белсенділік динамикасының нашарлауы кен өндіруге деген инвестициялардың 11,6 пайызға түсуі мен Теңіз кен орнындағы құрылыс жұмыстарының тоқтауына байланысты болды».

Не десек те, Ұлттық Банк өз бағасын берді. Бірақ экономикадағы жағдай туралы ақырғы сөзді үкімет айтуы тиіс. Себебі, экономикаға бізде үкімет жауап береді. Ұлттық экономика министрлігі тарапынан алғашқы жартыжылдықтың есебі әлі жарияланбады. Үкіметтің бағасы Ұлттық Банк қортындысымен сәйкес келе ме? Оны біз міндетті түрде саралайтын боламыз.  

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев