USD
USD
USD

Электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін

2025 жылдың басынан бері елімізде электросамокаттармен жасалатын 29 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғасының жолы кесіліп, 8 мың электросамокат айып тұрағына қойылған. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады.

Самокат
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ол былтыр электросамокаттарды пайдалануға бақылауды қатаңдату туралы тиісті ұсыныстар берілгенін, бірақ олардың бірқатары қолдау таппағанын айтты.

Депутаттар қарап жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көліктің жаңа түрлерінің қозғалысын реттеу және жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде электросамокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салу, кикшеринг қызметіне міндеттеме жүктеу қарастырылған, ал әкімдіктерге оларды пайдалану ережелерін қабылдау құқығын беру ұсынылуда.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.