USD
USD
USD

Төрт қазақстандық банк мемлекетке 1,3 трлн теңге қайтаруы тиіс

Бұл туралы Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Банк
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Мемлекетке 1,3 трлн теңге қайтаруы тиіс банктер: 

  • «Еуразиялық банк» АҚ – 150 млрд теңге;

  • «Bank RBK» АҚ – 176,8 млрд теңге;

  • «Alatau City Bank» – 950,2 млрд теңге;

  • «Nurbank» АҚ – 46,8 млрд теңге.

Бүгін депутаттар банктер туралы заң жобасын және қаржы нарығын дамытуға қатысты түзетулерді қарастырып жатыр. Жаңа өзгерістерге сәйкес, мемлекет тек аса маңызды банктерге ғана және тек төтенше жағдайда қолдау көрсететін болады.

Мұндай қолдау банктің капиталына мемлекеттің тікелей қатысуы арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда акционерлер мен басшылық ауысады, дивиденд пен бонустар төлеуге тыйым салынады, тәуекелі жоғары операцияларға шектеу қойылады. Ал банк тұрақтылыққа қол жеткізгеннен кейін ол жаңа инвесторға сатылып, қаражат бюджетке қайтарылмақ.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG