Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мектепке орамал тағып баруға рұқсат берілуі мүмкін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов орамал тағуға тыйым салғандықтан, ата-анасы мектепке баруға рұқсат бермей отырған оқушыларға қатысты ережені жеңілдету қарастылып жатқандығын айтты. 

Мектепке орамал тағып баруға рұқсат берілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министр Асхат Аймағамбетов мектептерде орамал тағу мәселесі үнемі көтеріліп, тек Қазақстанда ғана емес, басқа да бірқатар елдерде осыған қатысты талқылаулар жүріп жатқанын атап өтті.

"Қазақстан – зайырлы мемлекет, мектеп те зайырлы әрі мемлекеттік мекеме.  2016 жылы қабылданған бұйрық пен талаптар бар. Дегенмен әртүрлі топтардың инклюзивтілігін қамтамасыз ету маңызды екенін көріп отырмыз. Мысалы, біз ата-анасы орамал таға алмағандықтан мектепке жібермей жүрген қыздардың мәселесін қарастырдық. Осы себепті балалар мектепке бармаса немесе қашықтан оқуға көшуге мәжбүр болса, бұл кері әсер етеді. Ал біз инклюзивті қоғам болуымыз керек", – деді Асхат Аймағанбетов.

Сонымен қатар, министр хиджап кию үрдісін ҚМДБ басшылығымен ақылдасу керегін де айтты. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда Telegram жұмысы баяулады: жауапты мамандар не дейді?

Telegram

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық