USD
USD
USD

Сазгер өнер иелеріне өкпелі

Отандық эстрада әншілерінің көрші елдің әндеріне жиі «жиендік» жасап жататыны жасырын емес. Әдетке айналған бұл әрекет ағайындас елдердің шыдамын тауысса керек.

Сазгер өнер иелеріне өкпелі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстандық сазгер Жасур Бадалбаев әндеріне қол сұғушылардың қарасы көбейіп кеткен соң ютубтағы арнасын арнайы бұғаттап тастады. «Ұрлап алады да, орындай салады» деген Бадалбаев өзгелердің мұндай әрекетіне бүгінде еті үйренгенін айтады.

Әр туындысын 2000 долларға бағалайтын өзбекстандық сазгер дайын әнді өңдеуге қосымша тағы 1000 долларды талап ететінін жасырмайды. Әнші Асылжан Абдулланың орындауындағы «Жүрек» әнін жазған да осы Жасур Бадалбаев екен. Асылжан өзбек сазгерінің арнайы алдынан өтіп, аталмыш ән үшін 10 мың доллар берген көрінеді. Әрине, тегін жатқан дүние жоқ. Дегенмен санамызда осынша қаражатқа ән жазатын сазгерлер өз ішімізде жоқ па деген сауалдың туындайтыны ақиқат.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Нани, Айка

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

ұлттық бірегейлік

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған

әлеуметтік төлем

Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Жарлық