USD
USD
USD

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева қазір Қазақстандағы саяси партияны басқаратын жалғыз әйел атанды.

Дания Еспаева
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының кезектен тыс сьезінде оның кандидатурасын партия мүшелерінің басым бөлігі қолдады.

«Жауапкершілік өте жоғары, бірақ жинаған тәжірбием бар. Соңғы жылдары Парламент Мәжілісінің вице-премьері болдым. Бұл партияға кеше келген адам емеспін. "Ақ жол" партиясында жүргеніме 11 жыл болды. Партияның ішкі жұмысын, қағидаттарын, ұстанымын білемін. Сондықтан болашақта да осы командамен жұмыс істеуге ризамын»,  – деді Еспаева.

Айта кетейік, бүгін «Ақ жолды» 15 жыл басқарған Азат Перуашев төрағалық орнын босатты. Перуашев өз орнына Мәжіліс депутаты Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынып, оның Парламент қабырғасында атқарған жұмыстарына тоқталып өтті. 

Дания Еспаева 2019 жылы президенттікке кандидат ретінде сайлауға түскен болатын. Ал 2023 жылдан бері Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда 27 ретсіз сауда ошағы жойылды

Ретсіз сауда

Әл-Фарабидегі апат: қаза болған қыздың әкесі Александр Пакке кешірм бермейтінін мәлімдеді

жол апаты

Қазақстанда 20 маусымда жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталады

жоо-ға құжат қабылдау

Блогер Жанабыловтардан тәркіленген көліктер саудаға шығарылды

Көлік