USD
USD
USD

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Бүгін, 13 маусым күні Астанада «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының кезектен тыс сьезі өтіп жатыр. 

Перуашев
Фото: «Ақ жол» партиясы

Астана, NEGE. Жиында партия көшбасшысы Азат Перуашев төрағалықтан бас тартатынын мәлімдеді.

«Жаңа көзқарастарға, жаңа бастамаларға жол беру мақсатымен мен партия төрағалығы лауазымынан бас тарту туралы шешім қабылдадым», – деді ол.

Перуашев өз орнына Мәжіліс депутаты Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды.

«Құрметті әріптестер, "Ақ жол" партиясы төрағалығына әріптесіміз, партиямыздың жарқын жұлдызы, қаржыгер, банкир, Парламент Мәжілісінің вице-спикері Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынамын. Дания Еспаева Қазақстанның саяси тарихында өз есімін әлдеқашан жазып үлгерді. Ол – еліміз тарихындағы президенттікке кандидат ретінде қатысқан алғашқы әйел. 2019 жылғы сайлау кезінде оның есімі Еуропарламентте посткеңестік кеңістіктегі либералдық өзгерістердің үлгісі ретінде аталды», – деді Перуашев.

Сондай-ақ ол Дания Еспаеваның Мәжіліс қабырғасында атқарған бірқатар жұмысына тоқталып, Қазақстан тарихындағы парламенттік оппозиция қатарынан сайланған алғашқы вице-спикер екенін атап өтті.

«Егер Дания Еспаеваны қолдайтын болсақ, ол парламенттік партияны басқаратын алғашқы әйел көшбасшы атанады», – деді ол.

Айта кетейік, Азат Перуашев «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясын 2011 жылғы шілдеден бері басқарып келді. 2012 жылғы қаңтардан Парламент мәжілісінің депутаты.

Ал Дания Еспаева – 2016 жылғы 24 наурыздан бастап «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, 2023 жылдан бері төрағаның орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе