20 Қазан 22:34

Иманбекті тағы бір жүлдеге ұсынды

Фото:

Аты әлемге танылған музыкантымыз Иманбек Зейкенов тағы бір халықаралық жүлдеге ұсынылды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Алматы, NEGE. «Мені MTV EMA сыйлығының Best MTV Russia Act» категориясына ұсынды!», – деп жазды Иманбек.

MTV парақшасында сүйікті музыканттарға дауыс беру басталып кеткені хабарланды. Жеңімпаздардың аты-жөні 14 қарашада белгілі болады.

«Сыйлық беру Будапештте, Мажарстанда өтеді! Музыка мерекесін 14 қарашада бірге тойлайық!», – деп хабарлады телеканал.

Тегтер: