USD
USD
USD

Алматыда соғыс ардагерлерінің аллеясы ашылды

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында қаланың барлық ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің аллеясы ашылды.

аллея
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Орталық іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта өтті. Оған Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, ардагерлер, олардың отбасылары және қала тұрғындары қатысты.

Саябақта биіктігі 6 метр болатын 29 жөке ағашы отырғызылды. Әр ағашта майдангерге арналған аты жазылған тақтайша бар. Жөке ағашы ұзақ өмірдің, төзімділіктің және есте сақтаудың символы ретінде таңдалған. Жалпы қала бойынша 200 осындай ағаш отырғызылды. Бұл акция – батырлардың ерлігіне деген құрметтің белгісі және тарихи жадты сақтау жолындағы үлес. Жаңа аллеялар тұрғындар балалары мен немерелерімен келіп, ұлы Жеңіс туралы естелікті келер ұрпаққа жеткізе алатын орынға айналады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық