27 Сәуір 17:05

ҚР Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдірді

Фото:

ҚР СІМ Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Тигран Кеосаянның сөздеріне қатысты пікір білдіріді.

Алматы, NEGE. «Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлайтын, объективті емес сөздері назарымызды аударып отыр. Мүмкін, оның мәлімдемесі Ресей қоғамы мен саяси истеблишменттің белгілі бір бөлігінің көзқарасын көрсететін шығар. Бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастық рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге мүлдем сәйкес келмейді. Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынасымызға селкеу түсіреді және стратегиялық серіктестіктімізге қарсыларға қолайлы болмақ. Ол Қазақстанға келуіне шектеу қойылғандардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын», - деді Смадияров.

Тегтер: