14 Желтоқсан 09:33
...

Қоқысты кәдеге жаратып, ақша табуға болады

Фото:

Біздің және болашақ ұрпағымыздың денсаулығы қоршаған ортаның ауа сапасына тікелей байланысты. Экологиялық проблемалардың жиілеуіне де адамдардың салғырттығы себеп. Ғылыми-техникалық жетістіктер – адамзат баласының өмірін жеңілдеткенімен, табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, қоршаған ортаның ластануы және экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келді.

Президент Қазақстан халқына жолдауында шикізаттық өндірістердің құрылымы мен ұйымдастырылуын және табиғи ресурстарды басқаруға деген көзқарасты қайта қарау қажеттігін атап өтті. Кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуі мен энергия тиімділігіне, сондай-ақ экологиялық саясатқа және энергия өндірушілердің тиімділігіне қойылатын талаптарды арттыру өте маңызды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы баламалы энергия өндірісін 2030 жылға қарай 10 пайызға жеткізу – ең маңызды міндет.

Бізде арзан, сонымен қатар пайдаланып үлгермеген баламалы энергия көздері бар, оларға көбірек назар аудару керек. Олардың тиімділігін арттыру арқылы шығынның өзін пайдаға жаратуға болады. Қарапайым ғана мысал келтірейік. Мәселен күнделікті тұрмыста шығып жатқан қоқыстың өзін пайдаға асыруға болады. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері қоқыстың өзін керекті ресурстарға айналдырып отыр. Қоқысты қайта өңдеп, пайдаға жарату өткір экологиялық проблемаларды шешумен қатар, полигондардан келетін экологиялық залалды күрт азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта әлемдегі 11 миллиард тонна қалдықтың төрттен бірі ғана жиналып, қайта өңделеді.

Қалдықтарды өңдеу бизнесінен жақсы табыс табуға болады. Қайта өңдеу – болашақта керек кәсіптердің бірі. Қайта өңдеу ісін бастау көп капиталды қажет етпейді. Орташа қаражаттың өзімен бизнесті бастап кете аласыз. Кішкентай инвестициямен бастауға болатын қайта өңдеудің ең тиімді 50 бизнес-идеялары мен мүмкіндіктері бар.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері мен қалдықтарды өңдеуге қатысты алаңдаушылық күшейіп жатқан уақытта кәсіпкерлер де қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуда.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының көптеген түрі бар және олардың әрқайсысының кіріс деңгейі әртүрлі. Қайта өңдеудің ең тиімді түрі – қағаз өнімдерін қайта өңдеу. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық сана жоғарылаған сайын, қайта өңделген өнімдерге немесе заттарға сұраныс артады. Бұл тапқыр кәсіпкерлердің пайда табуына, өмір сүруіне және бай болуына мүмкіндік береді.

Қалдықтардың екінші рет кәдеге жарату түсінігін және оның әлеуетін түсіндіре кетейік. Қалдықтарды кәдеге жарату – бұл пайдаланылған және қалдық ретінде жойылған өнімдерден жаңа өнім жасау процесі. Пайдаға жарамай қалған қалдықтарды жинап, оны пайдалы өнімдерге қайта өңдеу және оны кәдеге жарату осы саланы таңдаған кәсіпкерлерге жүктеледі. Кәдеге жарату тұжырымдамасының мәнін түсінсеңіз, енді ғана қалыптасып келе жатқан бұл кәсіптен үлкен пайда көресіз. Бұл кәсіпті тек бос шөлмек пен ескі қағаздарды жинайтын кәсіп деп түсінетіндер баршылық. Шындығында, қайта өңдеу кәсіпорындары ұялы телефондар мен компьютерлерден табылған алтын немесе тұрмыстық заттарды қайта сатуға назар аударады.

Қалдықтарды қайта өңдеу бизнесін бастайтын болсаңыз кәсібіңіздің орнын, қалдықтарды қалай және қайдан жинауды, оны қайда сатуды жақсылап зерттеп алған жөн. Мысалы, алюминий құтыларды қайта өңдеуге инвестиция салғыңыз келеді делік. Толық жұмыс бастап кетуге капиталыңыз болмаса да, ірі фирмалар үшін қолданылған құтыларды жинау арқылы қаражатыңызды еселеп алуыңызға болады. Бұл идея өзі тұратын өңірді немесе бизнесін бастауға таңдаған аймақты  жақсы білетін адамдар үшін тиімді.

Ең алдымен жан-жақты хабарландыру жасайсыз немесе визиткаңызды таратып шығасыз.

Алтын қалдықтарын қайта өңдеу

Алтынның қалдығын қайта өңдеу процесі, көбінесе жер үстіндегі алтынды өндіру деп аталады. Тапқан қалдық заттарды балқытып, тазартасыз. Бұл процесс алтынды өндіруге қарағанда арзанырақ және алтынның тазалығын, сапасын төмендетпейді.

Қайта өңдеу орталығы

Егер сізде қайта өңдеу зауытын құруға капиталыңыз болмаса, бөтелкелер және қағаз сияқты қайта өңделетін заттар тасталған өңдеу ісін бастауға болады. Адамдар консерві, бөтелке және қағаз сияқты қайта өңделетін заттарды үнемі тасатайды. Сіз бұл қалдық материалдарды ірі қайта өңдеу орталықтарына немесе компанияларға қолма-қол ақшаға сатасыз.

Құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу

Құрылыс қалдықтарын кәдеге жарату процесі қатты ағаш, металл сынықтары, электр материалдары және т.б. сияқты құрылыс алаңдарынан әртүрлі қалдықтар жинап, оларды қайта сатуға мүмкіндік береді.

Қоқысты қайта өңдеу

Тұрмыстық қалдықтарды немесе коммерциялық мекемелердің қалдықтарын қайта өңдеу өте тиімді. Сізге тек қоқысты жинау және жеткізу қызметтерін көрсетесіз. Сонымен қатар белгіленген уақытта осы корпоративтік мекемелерге жүйелі түрде барып, қоқыстарды алып кетіп отырасыз. Қоқысты қайта өңдеу оңай болу үшін, көбірек қоқыс контейнерлерін сатып аласыз.

Картриджді қайта өңдеу

Картриджді қайта өңдеу бизнесін бастау – қайта өңдеудің тағы бір пайдалы түрі. Сіз сия құю және тонерді толтыру бизнесімен айналыса аласыз.

Электрондық қалдықтарды қайта өңдеу

Электрондық қалдықтарды қайта өңдеу – тағы бір тамаша бизнес идея. Бұл бизнес электрондық құрылғыларды төмен бағада сатып алып, оларды қайта өңдеушілерге сатуды жүзеге асырады. Қайта өңдеуге немесе жөндеуге болатын гаджеттерге барлық электронды құрылғылар, ноутбук, компьютерлер мен ұялы телефондар және тағы басқалары жатады.

Тұрмыстық тауарларды қайта өңдеу

Бұл кәсіп түрі де көп пайда алып келеді. Мәселен ескірген үй жиһазын қайтадан өңдеп немесе қайта өңдейтін компанияларға өткізе аласыз.

Шиналарды қайта өңдеу

Шиналарды қайта өңдеу жаңа бизнес емес, ол алғаш рет Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде резеңке тапшылығы болған кезде басталды.

Азаматтарды әскерилерге көмектесу үшін пайдаланылған және қажет емес дөңгелектерді өткізуге шақырды. Соғыстан кейін шиналар арзандады. Қарапайым адам қолданылған дөңгелектерді ойланбастан қоқыс жәшігіне лақтырады.

Автокөлік және жеңіл жүк көліктерінің шиналары резеңке қоспалардан, болат сымдардан, синтетикалық және табиғи талшықтардан жасалған. Бұл материалдардың барлығы қайта өңдеуге жарамды.

Мыс өңдеу

Мыс қорытпаларының көздеріне мыналар жатады: мыс құбырлары, сантехникалық қондырғылар, мыс сымдар, трансформаторлар, электр қозғалтқыштары, мыс төсемдер, шиналар, жеңіл балласттар, кәстрөлдер, есік тұтқалары және т.б.

Пластика қалдықтарын қайта өңдеу

Пластикалық контейнерлердің көпшілігінде олардың қандай пластиктен жасалғанын көрсетіледі. Бұл қайта өңдеу үшін қалдықтарды бөлуді жеңілдетеді. Қазір қоқыс полигондары пластика қалдықтарына толған. Сол себепті пластик қалдықтарын жинау кәсібі кең тараған. Қазір пластикалық қалдықтарды 3D принтермен басып шығару арқылы бағалы өнімдерге айналдыруға мүмкіндік беретін бірнеше технологиялар пайда болды.

Қоқыстарды кәдеге жарату бизнесінде мүмкіндіктерді пайдалануға шектеу жоқ. Ең бастысы, өнім сұранысқа ие және қайта өңдеуге жарамды болса жетіп жатыр. Тынымсыз еңбек пен табандылықдың арқасында бұл сала бойынша да табысқа жетуге болады.