USD
USD
USD

31 қазан күні еліміздің барлық өңірінде «Халық заңгері» акциясы өтеді

Таңертеңнен кешке дейін әр аймақтағы үздік заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдардың өкілдері құқықтық көмекке мұқтаж азаматтарға тегін кеңес береді.

Халық заңгері
Фото: Халық заңгері

Алматы, NEGE. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру және азаматтардың нақты мәселелерін шешуге көмектесу. Кеңестер кредиттік қарыздар мен алименттерден бастап, жер, тұрғын үй және мұра дауларына дейінгі түрлі тақырыптарды қамтиды.

Акция кезінде азаматтық, отбасылық, еңбек, салық, тұрғын үй және жер қатынастары, атқарушылық іс жүргізу, зейнетақы, нотариат, сондай-ақ қылмыстық және зияткерлік меншік салалары бойынша сұрақтар қаралады.

Іс-шараны Бас прокуратура, Әділет министрлігі және Республикалық адвокаттар алқасы ұйымдастырады. 2016 жылдан бері бұл акция арқылы 300 мыңнан астам адам тегін құқықтық көмек алған.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық