USD
USD
USD

Қазақстанда шетелдік ЖОО филиалдарына қалай түсуге болады?

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесінің интернационалдануы белсенді түрде дамып келеді.

Абитурент
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2021 жылдан бастап 12 елдің (Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея және т.б.) университеттерімен 33 стратегиялық әріптестік орнатылды. Қазіргі уақытта олардың ішінде 23 шетелдік жоғары оқу орнының филиалы ашылды, ал 2025 жылы тағы 10 стратегиялық әріптестік орнатылмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы елімізде үздік шетелдік университеттердің филиалдарын ашу туралы тапсырма берген болатын. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл тапсырманы белсенді жүзеге асырып жатыр.

Елімізде 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алып жатыр. Алғаш рет 2024 жылы Азия елдерінен келген студенттердің саны ТМД елдерінен келген студенттер санынан асып түсті. Сонымен қатар Қазақстанға жыл сайын шамамен 200 шетелдік ғалым тартылып, ғылыми әлеуеттің артуына ықпал етіп жатыр.

Министрлік Қазақстанды Орталық Азиядағы білім беру хабына айналдыру стратегиясын жүзеге асыру барысында.

Төменде шетелдік университет филиалдары, білім беру бағдарламалары, Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерге арналған қабылдау шарттары, қабылдау комиссияларының байланыс деректері және университеттердің ресми сайттарына өтуге арналған QR-код көрсетілген инфографика ұсынылған.

Оқу
Фото: gov.kz

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қазақстан азаматы

Сайлауалды науқанның бірінші аптасы қалай өтті: сарапшылар «Әділет» партиясының әлеуетіне қандай баға берді

«Әділет» партиясы

Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі