26 Ақпан 07:11
...

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары короновирус жұқтырғаны белгілі болды

Фото:

Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ИРНА агенттігі. 

Алматы, NEGE. «Коронавирус жұқтырғанымды хабарлағым келеді. Кешеден бері қызуым көтерілді, алғашқы сараптама оң нәтиже көрсетті», – деп мәлімдеді Харирчи сейсенбі күні.

Ол емделуді бастағанын және қызуының түсіп жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ, Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 15-ке жетіп, тағы 35 індет жұқтырған адам тіркелгенін хабарлады.

Тегтер: