20 Сәуір 16:35

Қарағанды облысының прокуроры неліктен погонын теріс тағып алғанын түсіндірді

Фото:

Қарағанды облысының прокуроры неліктен погонын теріс тағып алғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің жетекшілігімен өткен аппараттық кеңесте қызық оқиға болды. Жиында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің басшысы Жұлдыз Бұламбекова да сөз сөйледі. Желі қолданушылары қадағалау органы өкілінің

"Бір күн бұрын жейдемді жудым. Таңертең асығыс болғандықтан, жейдеме погон тағуды жасөспірім қызыма тапсырғанмын. Сосын тез киініп, әкімдікке жүгірдім. Себебі, жиналыста бірінші сөйлейтінмін. Жолда, әкімдікте погонымның теріс тағылып тұрғанын ешкім айтпады. Бейнеконференцияға қосылып, баяндамамды оқыдым. Бар болғаны осы. Үйде асығыс болғандықтан айнаға да қарап үлгермедім. Тек кейінірек, біраз уақыттан кейін жиналыстан шыққанымда, погондардың дұрыс салынбағанын білдім", - деп түсіндірді ол.

Бұламбекова бұдан былай жұмысқа өзі киімін дайындайтынын айтты.

"Қызыма ұрысқан жоқпын, кінәлі өзім ғой. Кішкентай қыз қайдан білсін. Бұдан былай погондарды өзім бекітемін. Болған жағдайға өкінемін. Қазір мен интернеттегі "жұлдызбын". Жалпы, мұндай оқиға менің өмірімде бірінші рет болып отыр", - деді басқарма бастығы.

Тегтер: