19 Шілде 15:59
...

Қант қызылшасының сатып алу құны тоннасына 30 мың теңгеге дейін көтерілді

Фото:

Қант қызылшасының сатып алу құны тоннасына 30 мың теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Зауыттар төлейтін баға қызылша өсірушілердің жұмсайтын шығындарына сәйкес келмеді. Шаруаларды қолдау мақсатында биыл мемлекет қант зауыттарының сатып алу бағасын ұлғайтты: енді зауыт 15 теңге, ал мемлекет субсидия ретінде 15 теңге төлейтін болады. Осылайша, бір тонна қант қызылшасы үшін шаруалар 30 мың теңге алатын болады»- делінген сейсенбі күнгі хабарламада.

Өңірдегі ең ірі қант зауыттарының бірі - «Көксу қант зауыты» ЖШС тәулігіне 2000 тоннаға дейін қант қызылшасын өңдейді. Күніне 200 тоннадан астам дайын өнім алады. 2022 жылдың басынан кәсіпорын 29 мың тонна қант өндірді. Зауыт жылына 250 мың тонна қант өндіреді. Сондай-ақ, құрақ қантының жылдық қуаты 35 мың тонна.

Вице-министр Әбілхайыр Тамабек қатысушыларға жүйелі сипаттағы проблемалар мен ұсыныстар үкіметтік деңгейде қаралатынын айтты. Сондай-ақ, барлық жинақталған проблемаларды сындарлы, ашық диалог пен өзара сенім арнасында ғана шешуге болатынын атап өтті.

Тегтер: