27 Наурыз 13:20
...

Фотошоппен өңделген жалған суреттерді қалай ажыратуға болады?

Фото:

Қазіргідей медиа саласы дамыған заманда тарап жатқан ақпараттарға дәлел ретінде фотосуреттердің қатар жүретіні заңдылық. Кез келген оқиға орнынан суреттер түсіріледі.

Кейде таратылған жалған ақпараттың фото дәлелі болғандықтан оны шындық ретінде қабылдау оңай. Сол себепті де жалған ақпарат таратушылар осындай қулыққа барып жатады. Тіпті фотодан бөлек, видео дәлелдерін келтіретіндер де бар. Сонымен, жалған фотосуреттерді қалай ажыратамыз? Өзімізді жалған ақпараттан қалай қорғасақ болады?

Ең алдымен, ақпаратқа дәлел ретінде көрсетілген фотосуреттерлен күдіктенсеңіз, ойланбастан тексеріңіз. Қазіргі таңда ондайды тез тексеруге болатын қосымшалар мен бағдарламалар бар. Фотосуреттің түпнұсқалығына мән беріңіз. Мұны Google Pictures немесе Yandex.Images сияқты қызметтерді пайдалану арқылы жасауға болады.

Іздеу жүйелері суреттерді сканерлейді, метадеректерді анықтайды, тегтерді және осы талдау негізінде ұқсастарын, сәйкес келетіндерін немесе дәл сол фотоның алғашқы нұсқасын тауып береді.

Ол үшін іздеу жүйесіне файлды жүктеп салу немесе суретке сілтемені енгізу жеткілікті, сонда дәл сол сурет сақталған сайттардың тізімі шығады. Осылайша, суреттің қайдан алынғанын, алғаш қашан жүктелгенін тексеруге болады.

Іздеу нәтиже бермесе, бұл фотосуреттің тым жаңа немесе танымал бола қоймағанын білдіреді.

Содан кейін фотосуреттің Photoshop бағдарламасында өзгертілгенін немесе өзгертілмегенін тексеру керек.

Өңделген суреттерді анықтауға (Error Level Analysis (ELA) мүмкіндік беретін көптеген қызметтер мен қосымшалар бар. Олар фотосуреттің қандай бөлігі өзгертілгенін түсінуге көмектеседі. Жалған суреттердің деңгейін талдауды арнайы қызметтер де пайдаланады, өйткені ол фейктерді анықтауда нәтиженің жоғары дәлдігін береді. Сығымдалған JPG файлында қателердің шамамен бірдей деңгейі болуы керек. Суреттің кез келген бөлігінде қате деңгейі басқаша болса, бұл фотосуреттің өзгертілген болуы мүмкін екенін білдіреді.

Мамандандырылған қызметтер мен қосымшалар қателер деңгейін ғана емес, сонымен қатар метадеректерді, шу деңгейін (фотошопталған суреттер үшін шу деңгейі артады) және басқа параметрлерді анықтай отырып, жалған суреттерді айқындау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Мысалы, FotoForensics, JPEGsnoop, Serelay, Truepic, Forensically және т.б. тексеру құралдары бола алады.

Бәрі оңай, тек жалған ақпаратты тексеру барысында әрбір бөлшекке мән беру керек. Фотошоп бағдарламасымен өзіңізге қажетті суретті әп-сәтте өңдеп аласыз. Фотошоп арқылы суретте жаныңызға адам қосып немесе жаныңыздағы адамды өшіре салу да оп-оңай. Қазіргідей техника дамыған заманда данышпан болудың қажеті жоқ.

Тарихқа үңілетін болсақ, өзінің портреттік фотосуретіне монтаж жасауға тырысқан бірінші адам - ​​Оскар Рейландер екен. Бұл жағдай 1855 жылы болған.

Ол кезде бұл қаншалықты қиын болғаны белгілі. Оскар Рейландер өзін екі рет суретке түсіріп, екеуін біріктіріп шығаруға тырысқан.

Қазір олай қараңғы бөлмеде отырып алып сурет шығарып әуре болмайсыз. Ал оны фотошоппен өңдей салу да қиындық тудырмайды. Тіпті, әлеуметтік желідегі суреттердің 80%-ының табиғилықтан ауылы алыс. Кішігірім кемшіліктерді жасырғысы келетін әуесқойлар үшін бәрі қарапайым: суретіңізді Instagram-да жүктейсіз, өңдейсіз, жарық бересіз немесе азайтасыз, бетіңіздегі кемшіліктерді түрлі графикалық маскалар арқылы жасырасыз. Барлығы да шынымен оп-оңай!

Бірақ өз саласындағы кәсіпқойлар фотосуреттегі барлық өзгерістерді жасыра алады, сондықтан өңдеуді бір қарағанда байқау мүмкін емес, тіпті арнайы бағдарламалар да көмектеспей жатады.

Фейкті түпнұсқадан қалай ажыратуға болады?

Өңделген фотосуреттерді анықтауға мүмкіндік беретін арнайы әдістер бар екенін жоғарыда да атап өткенбіз. Сондай талдаудың бірі Image Forensics немесе «сурет криминалистикасы» деп аталады. Иә, қазіргі уақытта мінсіз бағдарлама жоқ, бірақ ешкім жалған ақпараттан қорғалмаған. Сол себепті жалған фотосуреттердің құрығына түспеудің бірнеше жолын қарастырайық.

1. Қырағылық. Фотосуреттің түпнұсқалығын тексеру кезінде әрбір адам істеуі керек бірінші әрекет - оны мұқият зерделеу. Фонға, жарықтандыруға, көлеңкелердің дұрыс түсуіне назар аударыңыз. Суретті өңдеу барысында міндетті түрде қателік кетіп жатады. Оны анық қарасаңыз көзіңізге байқалады. Тіпті іздеу жүйесі де суреттің түпнұсқасын анықтап бере алады.

2. Түстерге мән беру. Түрлі параметрлерді (контраст, түс, айқындық) минимумнан максимумға өзгерткен кезде суретте жалпы фоннан айтарлықтай ерекшеленетін табиғи емес аймақтарды көруге болады.

3. Суреттегі шум.  Көбінесе біздің көзіміз жалпы фонға тән емес түсі бар пикселдердің ретсіз орналасуын көре алмайды. Дегенмен, шу деңгейі жоғарылаған сайын, массадан ерекшеленетін табиғи емес аймақтарды байқауға болады. Табиғи емес пикселдердің үлкен жинақталуы жалғанды ​​көрсетеді.

4. Артефактілер саны (Error Level Analysis). Фотосуретті бірнеше рет салу оның сапасына әсер етеді, өйткені қазіргі заманғы файлдарды орналастыру қызметтерінің көпшілігі кескінді қысып, орынды үнемдеуге тырысады. Тиісінше, форматтау файлдың жадында сақталады. Ал ELA талдауы (қате деңгейін талдау) өңдеу кезінде қосылған кадрдың жаңа бөлімдерін көрсетеді.

Міне, жалған ақпараттарға тұздық болатын фотосуреттерді қолдан өңдеп, өзің қалағандай жасап алуға болады. Сол себепті, барынша сақ болып, тексеріп, содан кейін ғана жүктеуге асығыңыз.

Тегтер: