USD
USD
USD

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Жамбыл облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Дамир Ташқараевтың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралатын болды, деп жазады BES.media.

Дамир Ташкараев
Фото: besmedia.kz

Астана, NEGE. Кассациялық сот алқасы Дамир Ташқараевтың AMANAT партиясымен арадағы дауы бойынша талаптарын ішінара қанағаттандырды. Сот апелляциялық саты қаулысының күшін жойып, істі қайта қарауға жіберді. Осылайша, оның партиядағы мүшелігін қалпына келтіру мәселесі қайта қаралатын болды.

Іс бойынша түпкілікті шешім 21 маусымға дейін қабылдануы тиіс.

Бұған дейін Дамир Ташқараев мәслихат сессиясы кезінде облыс әкімінің сөзін бөлгеннен кейін мандатынан айырылғанын айтып, бұл жағдайды саяси қысым ретінде бағалаған еді.

Ал өңірлік әкімдік пен мәслихат бұл тұжырыммен келіспейтінін мәлімдеді. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, сессияның бейнежазбасында ешқандай ашық жанжал көрінбейді, сондай-ақ облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен депутат арасында кикілжің болмаған. Бұған қоса, әкім партияның ішкі ісіне араласпайтынын атап өтті.

Мәслихат та бұл мәселеге саяси астар беруге негіз жоқ екенін алға тартады. Олардың мәліметінше, партиядан шығару – ішкі рәсім, ал депутаттық мандаттан айыру этика мен регламент талаптарының бұзылуына байланысты жүзеге асқан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан