USD
USD
USD

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Біріккен Араб Әмірліктері Мұнай экспорттаушы елдер ұйымынан (ОПЕК және ОПЕК+) шығу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Бұл шешім 2026 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды WAM агенттігі.

Мұнай
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Астана, NEGE. Мұндай қадам мұнай өндіру саясаты мен қазіргі және болашақ өндірістік мүмкіндіктерді жан-жақты қайта қарау нәтижесінде қабылданған. Шешім елдің ұлттық мүддесіне және нарықтағы сұраныстың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін тиімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, БАӘ жаһандық энергетика нарығында жауапты әрі сенімді әріптес ретінде әрекет етуге бейіл екенін атап өтті.

«ОПЕК-тен шыққаннан кейін де ел нарықтағы сұраныс пен жағдайды ескере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп әрі теңгерімді түрде арттыруды жалғастырады», – делінген хабарламада.

БАӘ ОПЕК құрамына 1967 жылдан бері кіреді және Сауд Арабиясы мен Иракпен бірге ұйымдағы ірі үш мұнай өндірушінің қатарына жатады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан