USD
USD
USD

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды. Ал 27%-ы мешітке тұрақты барып тұрады. Бұл көрсеткіштер бір-біріне қайшы емес, деп жазады Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Забирова.

Алматы мешіт
Фото: 2gis

Астана, NEGE. Қазақстандықтардың 72%-ы діни мерекелерді атап өтеді, 41%-ы үнемі дұға оқиды. Сауалнамаға қатысқандардың 27%-ы мешітке тұрақты барып тұрады.

Айгүл Забированың пайымдауынша, көптеген қазақстандық үшін діни сенім көпшілік алдында растауды қажет етпейтін жеке әрі терең тәжірибеге айналған. Әлеуметтанушылар мұндай құбылысты «мәдени діндарлық» деп атайды. Яғни адам өзін діндармын деп есептейді, мерекелерге қатысады, дәстүрлерді қолдайды, бірақ діни нормалар оның күнделікті мінез-құлқын міндетті түрде реттей бермейді.

«Бұл діни өмірдің шала түрі емес емес, оның толыққанды түрі. Қазақстандық контексте бұл табиғи құбылыс, өйткені дала исламы тарихи тұрғыдан ешқашан қатаң институционалданбаған. Ол мешіттің қатаң тәртібі арқылы емес, ауыз әдебиеті, отбасы салттары және мәдени рәсімдер арқылы таралған. Сірә, сол үшін қазақстандықтардың 88,6%-ы діни саладағы мемлекеттік саясатты қолдайды да, сонымен қатар 84,5%-ы ел зайырлы мемлекет болып қалуы керек деп санайды. Бұл қайшылық емес, керісінше, дін мәдени бірегейлік ретінде зайырлы мемлекетпен тамаша қатар өмір сүретін қазақстандық модельдің көрінісі. Негізінде, қазақстандықтардың басым бөлігі дінді дәл осылай түсінеді», – деп жазады ғылыми қызметкер.

Автор қазіргі Қазақстанда бір мезгілде қатар өмір сүріп отырған діндарлықтың үш түрін бөліп көрсетуге болатынын айтады. Ең кең тараған түрі – мәдени дінилік.

Екіншісі – практикалық дінилік. Ол күнделікті дұға оқуды, мешітке тұрақты баруды және діни талаптарды сақтауды қамтиды.

Үшіншісі – рефлексивті дінилік, ең күрделі түрі. Бұл жағдайда адамдар әділет, абырой, мәдени бірегейлік сияқты ұғымдарды діни тұрғыдан түсіндіреді. Дін қоғамдық дискурсқа догма ретінде емес, болып жатқанды ұғыну тәсілі ретінде енеді.

Осы үш түр де бір қоғамда, тіпті көбіне бір адамның бойында қатар өмір сүре алады.

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

кітап

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Дружба

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды

.

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

ТЖ