USD
USD
USD

ЕҰУ профессоры Президентке видеоүндеу жолдап, тұрғын үй дауына байланысты көмек сұрады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Марат Ишанқұлов Қазақстан Президентіне видеоүндеу жолдап, өзіне қатысты тұрғын үй дауына байланысты көмек сұрады.

.
Фото: Видеодан үзінді

Астана, NEGE. Ғалымның айтуынша, ол алаяқтардың құрбаны болып, пәтері мен қаражатынан айырылған. Оның сөзінше, осы мәселеге байланысты полицияға жүгінгенімен, тергеу барысына көңілі толмайды. Сондай-ақ жәбірленуші құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, адвокаттың және пәтерді сатып алған тұлғалардың әрекеттеріне күмән келтіретінін мәлімдеді.

«Мен ақшам мен пәтерімнен айырған алаяқтардың құрбаны болдым. Полицияға жүгіндім, алайда полиция, адвокат және сатып алушылар өзара ауыз жаласқан сияқты. Бас прокуратураға да өтініш жолдадым, бірақ іс қайтадан полиция департаментіне жіберілді», – дейді профессор видеоүндеуінде.

Марат Ишанқұловтың айтуынша, ол аталған пәтерді сатып алу үшін ұзақ жылдар бойы қаражат жинаған. Сонымен қатар профессор сот оның тұрғын үйді босатуы туралы шешім шығарғанын айтты.

Видеоүндеуінде профессор Мемлекет басшысынан істің әділ қаралуына ықпал етіп, кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылуына көмектесуді сұрады.

Аталған жағдайға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Редакция мән-жайды нақтылау мақсатында Астана қаласының Полиция департаментіне ресми сауал жолдады.

Қазір оқып жатыр

Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша тергеу аяқталды

Нұрай Серікбай

Алматыдағы «Байсат» базары әкімдік меншігіне өтуі мүмкін

Байсат

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне тағы 30 жыл жаза кесілді

 Юн Сок Ёль

PhD-докторанттар енді грантты мектептерде жұмыс істеп те өтей алады

Докторанттар