USD
USD
USD

Алматыдағы «Байсат» базары әкімдік меншігіне өтуі мүмкін

Билік өкілдері «Байсат» базарын Алматы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беруді қарастырып жатыр.

Байсат
Фото: e-qazyna.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков мәлімдеді. Ол нысанның көптен бері сатылмай тұруына сұраныстың төмен болуы немесе инвесторлардың қаржылық мүмкіндігінің жетпеуі себеп болуы мүмкін екенін айтты.

«Егер базар сатылмаса, оны Алматы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру жолын қарастыруға болады деп ойлаймын», – деді Әділбеков брифингте.

Айта кетейік, «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған болатын. Ол базарды 2024 жылғы қаңтарда қылмыстық тергеу барысында мемлекетке қайтарып берді. 

Содан бері базар төрт рет саудаға шығарылғанымен, әлі сатыла қойған жоқ. 

Нысан алғаш рет 2025 жылдың қарашасында саудаға шығарылған. Ол кезде бастапқы бағасы 28,6 млрд теңге деп белгіленген. Сатылымнан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталып, қоғам мүддесіндегі әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады деп жоспарланған. Алайда бұл жоспар іске асқан жоқ.

Сол жылдың желтоқсан айында өткен аукционда баға 26,7 миллиард теңгеге дейін, ал 2026 жылдың қаңтарында тіпті 24,7 миллиард теңгеге дейін төмендетілді.

Ал соңғы рет 26 мамырда аукционға қайтадан 28,6 миллиард теңгемен шығарылды, ол кезде де ешкім сатып алуға құлық таныта қойған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша тергеу аяқталды

Нұрай Серікбай

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне тағы 30 жыл жаза кесілді

 Юн Сок Ёль

ЕҰУ профессоры Президентке видеоүндеу жолдап, тұрғын үй дауына байланысты көмек сұрады

.

PhD-докторанттар енді грантты мектептерде жұмыс істеп те өтей алады

Докторанттар