USD
USD
USD

Елімізде мектептегі пәндер саны қысқарады

Алдағы бірер жылда шамадан тыс оқытылатын пәндер саны азаяды. Бұл мәселе педагогтердің тамыз саммитінде көтерілді, деп хабарлайды 24kz.

Мектеп
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Елдегі мектептерде оқытылатын пәндер саны Қытай, Жапония сынды елдердегі бағдарламадан 2,5 есе артық.

Мектептің оқу бағдарламасындағы кейбір пәндер келешекте болмайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мұғалімдер бас қосқан тамыз саммитінде айтты. Вице-премьердің айтуынша, мектепте оқытылатын пәндер саны көбейіп кетті.

– Соңғы жылдары біз пәндер санын көбейтіп жібердік. Жаңа пәндер қаржылық сауаттылық, бизнес жүргізу, дінтану, тағы да басқа бағыттарды қамтып отыр. Ал әлемдік деңгейде керісінше, пәндерді кіріктіріп оқыту, вариативный дейміз ғой, оқушылардың мүмкіндіктерін дамытатын негізгі пәндерді оқыту бірінші кезекте қарастырылмапты, – деді Тамара Дүйсенова.

Қазір химия, биология, география сынды пәндер 578 сағат оқытылады. Ал Жапония, Оңтүстік Корея сынды дамыған елдерде бірнеше пән біріктіріліп, 324 сағат берілген. Алайда халықаралық PISA зерттеуі ол елдердегі оқушылардың білім деңгейі жоғары екенін көрсетті.

Бұл – үлкен жұмыстың басы. Алдағы екі жылда оқытылатын пәндер тізімі сарапшылардың қатысуымен анықталады. Яғни, 2026 жылы оқу бағдарламасындағы бірнеше пән болмауы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы

Қостанайда үш адам қаза тапқан жарылысқа кінәлі адам жауапкершіліктен босатылды

өрт

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.