USD
USD
USD

Иран мен Израильден 144 қазақстандық эвакуацияланды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды.

Үкімет
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтты.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты