6 Маусым 15:09

Жол ережесін бұзған 1000-нан астам адам анықталды

Фото:

Алматы облысында “Қауіпсіз жол” жедел - алдын алу іс-шарасы жол ережесін бұзған 1 мың 300-ден астам құқық бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алматы облысында “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы өз жұмысын бастады. Кең ауқымды іс-шара жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарының ауырлығын алдын алуға және төмендетуге, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің жолын кесуге және анықтауға бағытталған. Өткен тәуліктің өзінде облыс жолдарында 1318 ЖҚЕ-ні бұзушы тіркелді, ал екі күн ішінде патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған 2246 адамды анықтаған. – Құқық бұзушылықтың көшбастар үштігінде: жаяу жүргіншілер ережесін бұзу – 360 дерек, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру – 103 хаттама, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген жүргізушілердің көлік құралдарын басқаруы – 63 оқиға. Патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқарады, – дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов. Полиция нарядтары мас күйінде автокөлікті басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, ұялы телефон арқылы сөйлесу және жол-көлік оқиғаларын жасауға алғышарттар жасайтын басқа да ЖҚЕ-ге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды күшейтіп жатыр. – Елді мекендердің қиылыстарындағы, автомобиль жолдарындағы және көшелердегі наряд тығыздығы артты. Ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нормативтік-құқықтық құжаттары негізінде жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің міндеттері мен жұмыс әдістері нақты анықталған. Олар автопатрульдеуді, жаяу патрульдеуді, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларды қадағалауды қамтиды. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлық әдістері осы жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу аясында қолданылып жатыр, – деп толықтырды Әшімов.

Тегтер: