5 Қаңтар 18:14

Тұман, 40 градус аяз: төрт облыста ескерту жарияланды

Фото:

Қаңтардың 5-8-і күндері бірқатар өңірде тұман, аяз күтіледі.

Алматы, NEGE. ШҚО Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус аяз сақталады. Өскемен, Риддер қалаларында 6 қаңтар сағат 21:00-ге дейін ІІ дәрежелі ҚМЖ сақталады. Жамбыл облысы 6-8 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Тараз қ.: 6-8 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. БҚО Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Орал қ.: 6 қаңтар түнде және таңертең тұман күтіледі. СҚО 6 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ.: 6 қаңтарда түнде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Тегтер: