29 Сәуір 16:16

Төтенше жағдай тоқтатылса да, жаза қала береді

Фото:
Елдегі төтенше жағдайды (ТЖ) тоқтату оны бұзғаны үшін жазасын өтеу мерзімі тоқтатылады дегенді білдірмейді, деп мәлімдеді ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.


Алматы, NEGE. «ТЖ нормаларын бұзу айыппұл салуды немесе бес тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды білдіреді. Егер ол адамға сот 15 тәулік түрінде жаза белгілеген болса, ол 10 күн отырса, сосын ТЖ тоқтатылса да, ол жазасының қалған мерзімін толық отыратын болады», - деді Ильин сәрсенбі күні «Төтенше жағдайлар мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалқ актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында.
Сондай-ақ, ол нақтылағандай, коронавирус індетіне байланысты жарияланған ТЖ кезінде 1,5 мың адам түрлі мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылған, ал 5 мыңнан астамы айыппұл түрінде жазаланған.

Тегтер: