14 Желтоқсан 13:15

Тәуелсіздік мейрамы кезінде қоғамдық көлік қатынай ма?

Фото:

Мереке күндері, атап айтқанда 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді.

Алматы, NEGE. «Жұмыс күнгі 18 желтоқсан 20 желтоқсанға ауыстырылды. Осыған орай жексенбі күні қоғамдық көлік сағат 06: 00-ден 23:00-ге дейін жұмысын жалғастырады» деп нақтылады City Transportation Systems компаниясынан.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Автобусқа тек алдыңғы есіктен кіру қажет. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді.

Тегтер: