27 Қазан 17:20

Таразда балаға шабуыл жасаған ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды

Фото:

Таразда балаға шабуыл жасаған ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 20 қазанда Тараз қаласының полициясына Абай даңғылындағы “Инвиво” медициналық клиникасының жанында белгісіз азаматтың кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіргені туралы қала тұрғынынан арыз түсті.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының тұрғынын анықтап, полицияға жеткізді. Тергеу барысында күдіктінің психикалық ауытқуы бар екендігі және қазіргі уақытта облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды.

Тегтер: