2 Мамыр 12:19

Шөкеев: Тағы төрт ауылдың халқын эвакуациялаймыз

Фото:

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы дамбалардың бірінің бұзылуына байлансты Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы бірқатар елдімекен су астында қалды. Апатқа байлапнысты ауданда төтенше жағдай жарияланды.

Түркістан, NEGE. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. «Кеше, 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасының Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасының дамбасы бұзылып, соның салдарынан Мақтаарал ауданында төтенше жағдай қалыптасты. Өзбекстанның су шаруашылығы министрімен сөйлестім, тасқын тоқтады. Түтімен біздің қызметкерлер төрт елдімекеннен 5400 адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Біразы туыстарын паналаса, бірқатарын мектепке орналастырдық. Қажет нәрсемен қамтамасыз етеміз», – деді Шөкеев.

Мақтаарал ауданындағы Жеңіс және Жаңа Тұрмыс ауылдары тасқын судың астында қалды. Облыс әкімінің айтуынша, тағы төрт ауыл – Нұрлы жол, Фирдоуси, Жантақсай және Жайлыбай ауылдарының тұрғындарын да эвакуацияға дайындап жатыр.   

Тегтер: