17 Мамыр 21:25

Сәби екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Фото:

Атырау облысында 1 жасар бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға кеше, 16 мамырда сағат 18:00 шамасында Мақат ауданының орталығында болған. «Болашақ» шағынауданындағы 3 қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтер терезесінен 1 жастағы бала құлап кеткен. Терезеден құлаған балақай облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Қазір оның жағдайы ауыр. «Оқыс оқиғаға баланы қараусыз қалдыру себеп болып отыр. Облыста жыл басынан бері осындай 2 оқиға тіркелді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тегтер: