27 Желтоқсан 10:49
...

Пластикалық қалдықтар: Қоршаған ортаны таза ұстауды өзімізден бастайық!

Фото:

Бір реттік қолданысқа арналған пластиктен жасалған заттар ғаламдық дертке айналды. Ғаламшарды ластап қана қоймай, адам денсаулығына зиян тигізіп отыр. Пластикалық ыдыстардың асым бөлігі азық-түлік өнеркәсібінде қолданылады.

Пластиктен жасалған ыдыс, шөлмек, пакеттер топырақта ұзақ жыл ыдырайды. Олар жылдар бойы өте ұсақ бөлшектерге ажырап, қоршаған ортаға химиялық заттар бөледі. Сондай-ақ, оның ұсақ түйіршіктері мен химиялық қосындылары жерасты сулары арқылы жануарлардың жаппай қырылуы мен адамдардың түрлі ауруға шалдықтыраы. Осының салдарынан қазір жер бетінде жануарлардың 800-ге жуық түрінің жойылып кетудің алдында тұр.  АҚШ ғалымдары жасаған зерттеулерде пластикалық ыдыстарды көп тұтынатын адамдарда бауыр ферменттері көбейіп, ішек-қарынның майлануы артқан. Ал  кофе және шай секілді ыстық сусындар үшін қолданылатын пластикалық стақандар канцерогенді зат ретінде белгілі болған бензолдан жасалады. 

Пластиканың балаларға тигізер зияны көп. Тіпті кішкентай сәбилерге тамақ беріп жүрген шөлмектердің өзі зиянды. Оның барлығы баланың өсу процессіне кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, тамақты пластикалық ыдыстың ішіне салып ысыту адам денсаулығын нашарлатады. Мұныі барлығы зерттеулер кезінде анықталған. 

Сондай-ақ, тұзды және қышқылды тағамдар пластикалық ыдыстың құрамын бұзып, зиянды бисфенолдың азыққа араласуына себеп болады. Тосап, қызанақ, қияр секілді азықтарды қысқы мезгілге дайындап, ұзақ мерзімге сақтау үшін пластикалық ыдыстарды мүлде пайдаланбау керек. 

Пластика қалдықтарынан келетін зиянды қалай азайтуға болады? Оның алдын алу жолдары бар ма?

Бұл мәселені түбегейлі шеше алмасақ та, әрқайсымыз қоршаған ортаны таза ұстауды өзімізден бастағанымыз дұрыс. 

Қазақстанда дәл осы мәселені «Jasyl Arystan» ЖҚ қолға алған. Олардың қызметінің негізгі бағыттарының бірі – пластмасса бұйымдарын тұтынуды азайту және осындай қалдықтарды дұрыс өңдеу. Олар зиянды пластиктерді ұқсас материалдармен алмастырып, қалдықтарды бөлек жинау жүйесін заңнамалық деңгейде реттеу керек деп есептейді.

Тегтер: