31 Қаңтар 13:58

Пара алған әкімнің не себепті қамауға алынбағаны белгілі болды

Фото:

Ол орындалған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойып, пара алғаны үшін айыпталған болатын.

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының бұрынғы әкімі Асқар Есілов ісі бойынша түсініктеме берді. №1 департамент басшысының орынбасары Бауыржан Балғабековтың айтуынша, экс-әкім орындалған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойып келген.

Департамент өкілі журналистерге берген сұхбатында: «Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Сол себепті оны қамауға алған жоқпыз. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді.

Бауыржан Балғабековтың хабарлауы бойынша, бүгінде қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша іс қозғалды. Шенеунікке алған парасына қарай 20-80 еселенген сома көлемінде айыппұл салынады немесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Естеріңізге сал кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Байқоңыр" ауданы әкімінің пара алу фактісін анықтағанын мәлімдеген болатын. Оған жекеменшік компания өкілінен "Байқоңыр" ауданын абаттандыру бойынша субмердігерлік жұмыстарды алуға жәрдемдескені үшін пара түрінде iPhone-ның соңғы үлгісін алды деген айып тағылған.

Тегтер: