3 Мамыр 11:25

Өргебас ауылын да су басты

Фото:

Мақтаарал ауданында Өргебас ауылын су басты, деп хабарлайды өңірлік коммуникация қызметі

Алматы, NEGE.   "3 мамыр таңғы сағат 05.00-те 250 үй суға батқан Фердоуси ауылынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елді мекеніне қарай су келе бастады. Екі елді мекеннің ара қашықтығы - 3 шақырым. Таңғы 8.00-де Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді", - делінген хабарламада.

Эвакуация барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тегтер: